$ 498.34  519.72  4.85

Селфидің құрбандары Қазақстанда да пайда бола бастады

Өскемендегі Ғашықтар аллеясында суретке түспек болған 17 жастағы бозбала Ертіс өзеніне құлап қайтыс болды. Оқиға 5 шілде күні кешке орын алған деп жазадыYK-news.kz.

Куәгерлердің айтуынша, жас жігіт Пермитин көшесі жақтағы көпірдің жақтауына шығып, өзін суретке түсірмек болған. Алайда, тепе-теңдікті жоғалтқан ол ағысы асау Ертіс өзеніне құлап кетіпті. Баланы ешкім құтқара алмаған.

Облыстың құтқарушылары бозбаланың денесін тек судың бетінен ғана іздей алатындарын айтуда. Өйткені, мұндай қатты ағыста су түбіне түсуге тыйым салынады дейді олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары