$ 444.32  473.33  4.76

Қол астындағыларды соққыға жығып, ақша жинайтын алматылық шенеунік қызметінен қуылды

Қайрат Тоқтасыновтың үстінен шағымануышы қызметкерлердің саны екі есеге көбейген.
фото: azattyq-ruhy.kz
фото: azattyq-ruhy.kz

Бұған дейін Алматының экологиясына жауапты шенеуніктің мемлекеттік қызметкердің этикалық нормасын бұзғаны, қол астындағы мамандарды қорлағаны туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тіптен, осы жағдайға байланысты арнайы тергеу комиссиясы құрылған.

Бұл жағдайға қатысты Azattyq Rýhy тілшісіне шенеуніктің өзі жауап берді, ешкімді ұрып-соқпағанын, қарамағында істейтіндерді қорламағанын айтып, бір топ қызметкердің шағымын «жала жабу», «орныма таласу» деді. Алайда, арада бір апта өтпей жатып әкімдік қызметкері өз еркімен қызметін кету туралы арыз жазыпты. 

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі комиссия бөлім басшысының әрекетіне қатысты қызметтік тексеруді аяқтағанын хабарлады.

«Қоршаған ортаны қорғау және экология бөлімінің басшысы Қ. Тоқтасыновтың тарапынан тіл тигізу түріндегі балағат сөздер бар аудиожазбаны жариялау фактісі бойынша хабарлаймыз:

2020 жылдың 4 желтоқсанында қызметтік тергеу жүргізу үшін комиссия құрылды. Мән-жайды анықтау үшін комиссия жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша қоршаған ортаны қорғау және экология бөлімінің басшысы мен қызметкерлеріне сауалнама жүргізуге кірісті. 11 желтоқсанда қызметтік тергеу барысында Қайрат Тоқтасынов еңбек шартын өз еркімен бұзу туралы өтініш берді.

Осылайша, 2020 жылғы 14 желтоқсанда қоршаған ортаны қорғау және экология бөлімінің басшысы Қ. Тоқтасынов атқаратын қызметінен босатылды, осыған байланысты комиссия қызметтік тергеуді аяқтау туралы шешім қабылдады»,  - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бөлімнің бес бірдей қызметкері шағымында басшысының соңғы бірнеше жыл бойы қос астындағыларды масқаралап қорлағанын, олардан жеке қажеттілігі үшін ақша жинайтынын жазған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары