$ 447.4  477.55  4.76

Аргентина қалаларының бірінде Абай көшесі пайда болды

Сан Фернандо жаңа ауданыңдағы көшелердің біріне қазақтың ұлы ақыны Абайдың есімі берілді.
фото: azattyq-ruhy.kz
фото: azattyq-ruhy.kz

Қазақстанның Тәуелсіздігі күніне орай Аргентинада Абай көшесі пайда болды. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Аргентинадағы Росарио қалалалық муниципалдық кеңесінің №10.126 қаулысымен қала көшелерінің біріне, атап айтқанда Сан Фернандо жаңа ауданыңда қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдық аясында ақынның есімі берілді.

«Қалалық кеңес төрағасының орынбасары Агапито Бланка өз мәлімдемесінде Абайдың қазақ халқы мен әлемдік мәдениет тарихындағы маңызды рөлін атап өтіп, қазақ ойшылының есімін қала көшелерінің біріне беру туралы шешімді кеңестің барлық мүшелері бірауыздан қолдағанын айтты. Сондай-ақ бұл аргентиналықтардың Қазақстанмен өзара іс-қимылды дамытуға бейілділігін және 2019 жылғы желтоқсанда жасалған Росарио мен Алматы арасындағы бауырлас қатынастарды куәландыратынын жеткізді», - делінген хабарламада.

16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 29 жылдығына орай Росариода орналасқан Аргентина туының Ұлттық мемориалдық кешенінде Қазақстанның Мемлекеттік Туы кезекті рет көтерілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары