$ 494.87  520.65  4.91

Сырдария ауданында ауылшаруашылығы дами түспек

Үміткер сайлаушыларға үгіт парақшаларын таратып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur  Otan» партиясы атынан Қызылорда облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Самат Ақпамбетов үгіт-насихат жұмыстары бойынша «Бесарық» серіктестігінің ұжымымен кездесті. 

Кездесуде үміткер «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты партияның бағдарламасымен таныстырды. Басқосуда білім, денсаулық, ауылшаруашылық, газдандыру мәселелері сөз болды. «Бесарық» серіктестігінің негізгі бағыты – ауыл шаруашылығы. Ғасырлар тоғысында құрылған шаруашылық бүгінде күріш егіп, мол өнім алып келеді. Кездесуде Сырдария ауданы бойынша ауылшаруашылығын дамытуға арналған партияның бағыттары да айтылды.

«Nur Otan» партиясы алдағы жылдары Шаған ауылында «күріш ақтайтын зауыт, Қалжан-ахун ауылында балық шаруашылығын құру жоспарлап отыр. Сондай-ақ, Тереңөзек кентінде күріш зауытының құрылысы, ауылдық округтер аумағында 3 мың га суармалы жерлердің көлемін кезең-кезеңмен кеңейтуге ықпал етеді", - деді үміткер Самат Ақпамбетов.

Ауданды толық газдандыру мәселелері туралы сұраған Бейбіт Белгібаевқа, газбен қамтамасыз етілген елді мекендер үлесін арттыру мақсатында «Nur Otan» партиясы 3 елді мекенді Қалжан-ахун, С.Сейфуллин, А.Тоқмағанбетов газбен жабдықтауға ықпал етеді. Нәтижесінде аудан халқын газбен жабдықтау барысында 1850 отбасының тұрғын үйлеріне көгілдір отын кіргізіледі, - деді үміткер. 

Өз кезегінде «Бесарық» серіктестік төрағасы ЖШС Мақсат Биболатов, үміткерге алғысын білдіріп, сәттілік тіледі. Үміткер сайлаушыларға үгіт парақшаларын таратып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Материал ақысы "Nur Otan"  партиясы Қызылорда облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары