$ 444.32  473.33  4.76

Үш мыңға жуық отбасы тұрғын үймен қамтылады

Ауданда  келер жылы газбен қамтамасыз етілген тұрғындар үлесі 68,7 пайызға жеткізіліп, нәтижесінде 7800 тұрғын газбен қамтылады.

Ынтымақтастықтың басты қағидаттары ашықтық, есеп берушілік және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл болуы тиіс. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді 90%-ға жеткізуді көздеп отыр.

Сонымен қатар, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесі бар сауда объектілерінің желісін кеңейтіп, қоғамдық кеңесте аудан дамуының өзекті мәселелерін қарауға және 2025 жылға қарай «бір терезе» қағидаты бойынша ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің үлесін арттырмақ. Бұл туралы облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Тілеп Ибайдулла Қызылорда облысы, Қазалы ауданындағы  «Қамқор вагон» ЖШС Қазалы филиалы ұжымымен өткен кездесу барысында айтты.

Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге облыстық және аудандық мәслихат депуттатығына үміткерлер Әділбек Сарабеков, Гүлдәрі Иманәлиева мен Талғат Әліпбаев та қатысты. Олар ұжымның бүгінге дейін атқарған ауқымды жұмыстарымен танысып, әрбір қызметкердің талап-тілегін тыңдады. Соның ішінде 20 дан аса адам қатысқан шарада сөз алған депоның бас инженері Әділжан Қанағатұлы: 

«Қазір біздің зауытта 205 адам жұмыс істейді. Көпшілігінің көкейінде тұрғын үй, газбен қамтамасыз ету, сапалы жол, кәсіпкерлікті қолдау секілді түйінді мәселелер бар. Сонымен қоса, біздің жұмыс ой мен дене еңбегін қатар алып жүретіндіктен медицинаға қолжетімділік арта түссе» – деген пікірін білдірді.

Осылайша, әрбір қатысушының тілегін мұқият тыңдаған үміткерлер сайлауалды бағдарламаның негізгі басым бағыттарын егжей-тегжейлі түсіндіріп, тұрғындарды толғандырған мәселелерге жеке-жеке тоқталды.

Нақтырақ айтсақ, партия тарапынан тұрғын үйге қолжетімділіктті арттыру көзделген. Ол үшін партия қаржыландырудың барлық көздерінен 469 мың шаршы метр тұрғын үй салынуына жағдай жасайды. Мәселен, «Нұрлы  жер» бағдарламасы аясында салынатын тұрғын үй пәтерлер санын 244-ке жеткізуге және көп қабатты тұрғын үйді күрделі жөндеуге ықпал етпек. Осы шаралардың нәтижесінде 2932 отбасы тұрғын үймен және 230-дай отбасы жер бөлігімен қамтылады. 

– Біз сіздерді алаңдатқан барлық мәселені шешуге күш саламыз. Газ мәселесіне келсек, ауданда  келер жылы газбен қамтамасыз етілген тұрғындар үлесі 68,7 пайызға жеткізіліп, нәтижесінде 7800 тұрғын газбен қамтылады. Сонымен қоса, медициналық қызмет көрсету сапасы мен қолжетімділікті арттыру үшін, 2020-2021 жылдары Әйтеке би кентінен 250 келушілерге арналған емхана және 2 ауылдан дәрігерлік амбулатория құрылысын салып, Әйтеке би кентіндегі аудандық емхананың әкімшілік ғимаратын күрделі жөндеуден өткізбекпіз. Әрі медициналық ұйым қызметкерлерінің, оның ішінде 121 дәрігер, 583 орта буын қызметкерлері біліктілігін арттыруды мақсат етіп отырмыз, – деді облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Әділбек Сарабеков сөз соңында.

«Nur Otan»  партиясы Қызылорда облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары