Түрмеде зорланған келіншек қызметкердің ашынасы болуы әбден мүмкін. Сондықтан, жыныстық қатынасқа әйелдің өзі келісім беруі ықтимал деп жазады KTK.
Осы үлкен дауға қатысты Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы Бауыржан Бердалин осындай болжамымен бөлісті.
Оның үстіне төраға жағалай камера тұрғанда, жабылып зорлаудың болуы мүмкін емес дейді. Бірақ, автозакпен жауап алуға тасу кезінде түрме қызметкері мен келіншектің арасындағы әңгіме таныстыққа ұласуын жоққа шығармайды. Алаяқтығы үшін жазасын өтеп жүрген 32 жастағы Наталья Слекешинаның өзі 4 түрме қызметкерінің жабылып зорлағанын айтып отыр. Ақыр соңында сараптама жасалып, кішкентай қыздың әкесі Руслан Хәкімов екені дәлелденді. Тура абақты ішінде ойнас жасаған қызметкер қазір екі айға қамауға алынды. Нәпсіқұмар қалған әріптестері әзірше бостандықта.