$ 498.34  519.72  4.85

ОҚО-ның тәжік ағайындар көп тұратын ауылында жаппай төбелес орын алды

Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданы Сейфуллин ауылында орын алған жаппай төбелес салдарынан үш адам жараланып, дүкендердің біріне айтарлықтай зақым келген. Бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Қақтығыстың орын алуына жергілікті тұрғынның кәмелет жасына толмаған қызды зорламақ болған әрекеті себеп болған. Дегенмен, медициналық тексеріс кезінде жеткіншек қыздың денесінен зорлау зақымдары анықталмапты. Тексеру кезінде қыздың ата-анасы дәрігерлер жанында тұрған. Полицейлер болса ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы, 4-тармағына сәйкес іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізуде. Басты күдікті ата-анасының жауапкершілігіне берілген.

Жергілікті тұрғындардың бұзақылық іс-әрекеттерін тергеу бойынша аудандық ІІБ криминалистерімен және тергеушілерімен жедел-тергеу тобы құрылды. Қоғамдық қакуіпсіздікті сақтау мақсатында аталған елдімекенге ішкі істер органдарының 170 қызметкері жұмылдырылған. 1 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің, облыс прокурорының, ішкі істер департаменті бастығының орынбасарлары Сейфуллин ауылының тұрғындарымен жиын өткізді.

Құқыққорғау және мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам институттарының бірлескен іс-әрекеттерінің арқасында, тәртіпке қарсы іс-әрекеттер шектеліп, тоқтатылды. Жағдай бақылауда дейді ОҚО ІІД өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары