$ 442.05  474.14  4.74

Алматының орталығында жоғалып кеткен бойжеткен табылмай жатыр

Алматыда мектепті кеше ғана бітірген 18 жастағы бойжеткен жоғалып кетті. Жұлдыз Ерманованың жоғалғандығы туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желілерде, кейін БАҚ беттерінде жарияланып, іздеу жұмыстарымен полицейлер және ерікті азаматтар айналысуда деп жазады Tengrinews.kz.

Жоғалған қыздың әпкесінің айтуынша, Жұлдыз үйден 1 тамыз күні кешкі сағат алтыда шығып кетіп, қайта оралмаған. Бұтында джинсы бридж, үстінде қара футболка болған. Өзімен бірге күлгін түсті рюкзак алып жүрген. Бұрымы өте ұзын, қара түсті көзілдірік тағады.

Жұлдызды түні бойы өз күшімен іздеген туыстары ертесіне сағат 12:00-де полицияға арызданыпты. Қазіргі таңда тәртіп сақшыларына ерікті азаматтар қосылып, олар қаланың барлық бұрышын іздеуге кіріскен. Туыстарының айтуынша, бойжеткеннің жігіті жоқ, бұған дейін ешкіммен көңіл жарастырмаған. Отбасында да ешқандай проблемасы болмапты.

"Жұлдыз кітап сатып алу үшін "Меломан" дүкеніне жиі баратын. Дүкен тәулік бойы жұмыс істейді. Алайда, бейнебақылау камераларына Жұлдыз түспеген, оны көрген-білгендер де жоқ. Тапа-тал түсте жоғалып кетті. Ол мектепті кеше ғана бітіріп, ЖОО-ға түсуге дайындалып жатқан. Сәуірде небәрі 18-ге толған еді", - дейді Жұлдыздың туысы.

Бүгінде қызды іздеп жатқан еріктілердің қатары артып отыр. Туыстары әлеуметтік желілер арқылы жұрттан көмек сұрауда. Жұлдыз Ерманованы көргендер болса +7778 360 87 77; +7 705 799 99 44 телефон номерлеріне хабарласуын сұрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары