$ 448.81  476.82  4.77

«Беташарға доллар тастады»: Трамптың тойда отырған ВИДЕОсы пайда болды

Ғаламтор бетінде жылдам таралып жатқан бұл видеоның нақты қашан әрі қайда түсірілгені белгісіз.
Фото: lenta.ru
Фото: lenta.ru

Әлеуметтік желіде АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың Қазақстанға келіп, үйлену тойына қатысып отырған сәті түсірілген видео тарады. Әлгі видеодан беташар рәсіміне қатысып отырған Трампты тану қиын емес. Оның қалтасынан бір бума ақша шығарып, өзінің аты аталғанын күткенін байқауға болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әрине, бұл видеоның әзіл үшін монтаждалған дүние екенін айта кету керек. Соған қарамастан Трамптың «тойдағы әрекеті» шынайы көрінеді.

Бейнежазбаға кәдімгі үйлену тойындағы беташардың аудиосы қосылған. Осындай сәтті жасалған монтаждың нәтижесінде Дональд мырзаның қалтасынан бір бума ақша шығарып, (бірыңғай жиырма долларлық купюралар) асабаның өзінің атын атағанын күтіп отырғаны сәті өте нанымды болып шыққан. 

Ғаламтор бетінде жылдам таралып жатқан бұл видеоның түпнұсқасы нақты қайда түсірілгені белгісіз. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары