Қоғам 22.01.2021 сағат 07:14

Солтүстік Қазақстан облысында әр екінші жұп ажырасады

Заңды некеге тұрғандар бір жыл ішінде ажырасып тынатын көрінеді.
Солтүстік Қазақстан облысында әр екінші жұп ажырасады
фото: islam.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Солтүстік Қазақстан облысында әр екінші жұп тіл табыса алмай жатыр екен. Әділет органдары жүргізген есеп бойынша, заңды некеге тұрғандар бір жыл ішінде ажырасып тынатын көрінеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Психолог мамандардың айтуынша, жас отбасылар үшін алғашқы жыл үлкен сынақ. Жасқанбай, бір-бірінің көңілін таба білгендер үйлі-баранды болып кетеді. Балалы отбасылар әсіресе, сабыр болуы керек. Өйткені, ажырасу балаға ауыр.

«Отбасылық жанжалдар балалардың көңіліне қатты әсер етеді. Балақайлар үйдегі айғай шудан қажып кетеді. Ал, әке-шешесі айырылысқаннан  кейін балалардың психикалық жағдайы қалпына келеді. Сондықтан ажырасуды бүкіл жағдайларда шалыс басқандық деп айта алмаймын», - дейді психог. 

Қызылжар өңірінде әрбір екінші жұптың тағдыры ажырасумен аяқталады. Құзырлы органдардың мәліметінше оның бірнеше себебі бар. Көп жағдайда ерлі-зайыптылар бір-бірінің мінезін көтере алмайды. Тағы бір себеп - отбасылық қаржыға келіп тіреледі.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар