$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстанда жүрген шетелдік жұмысшылардың үштен бірі қытайлықтар

Қазақстанға келіп, заңды түрде жұмыс істеп жүрген шетелдіктердің саны 1 шілдедегі статистика бойынша 29 458 адамды құрайды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады Informburo.kz.

Ал, осы 30 мыңға жуық жұмысшының үштен бір бөлігі, яғни 11 мыңнан астамы Қытай азаматтары.

"Бірінші санаттағы жұмысшыларға (басшылар мен орынбасарлары) 1 716 рұқсатнама берілген, екінші санаттағыларға (құрылымдық бөлімдердің басшылары) - 5 550, үшінші санаттағы жұмысшыларға (мамандар) - 13 382, төртінші санатқа (жұмысшылар) 6934 рұқсатнама берілді. Маусымдық жұмыстарды істеу үшін 1876 адам рқөсат алған", - делінген министрліктің таратқан хабарламасында.

Бүгінгі таңда Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланып отырған 3672 жұмыс беруші бар. Олардағы жұмысшылардың 93 пайызы Қазақстан азаматтары.

Ал, елімізге жұмыс істеу үшін келетін шетелдіктердің дені қытайлықтар екен. Қазақстанда заңды жұмыс істеп жүрген 11 713 ҚХР азаматы бар.дейді ведомство өкілдері. Сонымен қатар, 3 302 - Түркия, 3 012 - Өзбекстан, 1 490 - Ұлыбритания және 1 274 Үндістан азаматы елімізде еңбек етіп жүр.

Ал, Қазақстанға заңсыз кірген гастарбайтерлердің саны әлдеқайда көп. 2015 жылы жүргізілген 1 апталық рейд кезінде 2 мыңнан астам шетел азаматы ұсталып, елден шығарылған. Тағы 16 мың мигрант әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары