$ 498.34  519.72  4.85

Шымкенттің 23 жастағы тұрғыны өзінің ұрлануын өзі ұйымдастырған

Шымкенттегі Сайрам ауылының 23 жастағы тұрғыны өзінің ұрлануын өзі қасақана ұйымдастырған. Бұл әрекетке жас жігіт қарыздарынан құтыла алмағандықтан барғанын айтып отыр. 

Оқиға биыл 14 тамыз күні орын алыпты. Қаратау аудандық полиция бөліміне арызданған 1970 жылғы әйел ұлын белгісіз біреулердің күштеп алып кеткенін айтқан. "Жәбірленушіні" ер азаматтар "ВАЗ" көлігіне отырғызып, белгісіз бағытқа айдап кетіпті.

Аталған жайт Шымкент ҚІІБ Қаратау ПБ-нің Сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп, ҚР ҚК-нің 126 бабы «Бас бостандығынан айыру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. ОҚО ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы және Қаратау ПБ қызметкерлері бірлесе жүргізген жедел іздестіру іс-шараларының екінші тәулігінде жоғалған азаматты Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен тапты.

Анықталғаны, 23 жастағы жәбірленуші өзінің ұрлануы жайлы әрекеттерін достарының көмегімен өзі жоспарлаған. Жас жігіттің полицейлерге түсіндіруі, ол бұл қадаммен қарыздарын қайтармаудың жолын іздеген екен.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 419-бабы «Көрінеу жалған сөз жеткізу» қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда қылмыстың орын алу себептері мен барысы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары