$ 498.34  519.72  4.85

Мақтаралдың жастары аудан орталығын көркейтуге атсалысуда

Мақтарал ауданының студент жастарын қосымша жұмыспен қамту және қоғамдық, еңбек белсенділіктерін арттыра отырып, жастардың бойына азаматтық және отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында құрылған «Жасыл ел» еңбек жасағы Жетісай қаласында өз жұмысын бастады.

Жалпы, биыл ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысында бірқатар игі істер қолға алынған. Қалаларда аулаішілік жолдар жаңартылып, елдімекендер көгалдандырылып жатыр. 30-дан аса студенттерден құрылған жасақ та Мақтарал ауданының орталық көшелері мен қоғамдық орындарын абаттандыруды, қоқыстан тазартуды, көріктендіруді қолға алды.

Арнайы формамен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген студенттер жасағының әрбір мүшесіне аудан бюджетінен 35 мың және республикалық бюджеттен 17 мың теңге жалақы берілетін болады.

Баршаға белгілі, Мақтарал ауданы еліміздің күнгей өңірінде орналасқан ауа температурасы ең ыстық аудандардың бірі. Осыған байланысты, студенттер үшін сағат 8:00-13:00 аралығы мен 17:00-20:00 аралығына жұмыс уақытының кестесі қойылған.

Осылайша, студент жастардың еңбек жасағында қызмет ете отырып жазғы демалысты қызықты өткізуді жоспарлаған жастар үшін арнайы іс-шаралар өткізіліп, еңбекте озат ізденушілерге қала басшылығы тарапынан марапаттаулар ұйымдастырылмақ.

Айта кетейік, «Жасыл ел» еңбек жасағы тек Мақтаралда ғана емес, Оңтүстік Қазақстан облысының барлық аудан-қалаларында жұмыс істеуде. Шымкент қаласының жасыл желекке айналуына үлес қосқан жастар, жыл сайын мыңдаған түп ағашты шаһардың жасыл белдеуіне отырғызылып келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары