$ 498.34  519.72  4.85

ҚР ҰҚК Алматы облысында жоспарланған терактінің алдын алды

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы облысында радикалды топтың өкілдерін қолға түсірді деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі. Ұсталған содырлар Қазақстан аумағында жарылыстар жасамақ болған.

Күдіктілерді ұстау операцмясы 18 тамыз күні жүргізілген. Ұсталған төртеу Қазақстан мен Қырғызстанның азаматтары. Олардан қолдан жасалатын жарылғыш заттарды дайындауға қажетті құралдар, діни-экстремистік материалдар табылып, тәркіленіп алынды. Айғақ заттар күдіктілердің үйінен және арнайы құпия сақталатын орындардан табылған.

"Радикалдардың ҰҚК бөлімшелеріне, полиция және әскери бөлімдерге шабуыл жасамақ болған жоспарлары анықталып, алдын алынды. Лаңкестер адамдар көп шоғырланған жерлерде террористік актілер жасауды да жоспарлаған. Қазіргі таңда тергеу және шұғыл іздеу шаралары жалғасып жатыр. Ол жұмыстардың қорытындысын қосымша хабарлайтын боламыз", - делінген ҰҚК таратқан хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары