$ 498.34  519.72  4.85

Маңғыстауда жасөспірімдер қылмысы 16,1%-ға төмендеген

Маңғыстау облысында биыл жастар мен жасөспірімдер қолымен жасалатын қылмыстар саны айтарлықтай азайған. Бұл туралы жергілікті полиция қызметінің басшысы Амангелді Халмұрадов жарты жылға жасаған есебінде мәлімдеді. Облыс әкімі Алик Айдарбаевқа мән-жайды баяндаған полицей Маңғыстау өңіріндегі қылмыстық ахуалдың қандай деңгейде екенін де айтып берді.

Ағымдағы жылдың 6 айында облыс бойынша жалпы тіркелген қылмыстар саны өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда -7,7%-ға төмендеген. Оның ішінде, онша ауыр емес қылмыстар -37,4%-ға, ауырлығы орташа қылмыстар -0,5%-ға, ауыр қылмыстар -0,8%-ға. Ұрлық қылмыстары -5,6%-ға және тонау қылмыстары -32,5%-ға, қарақшылық қылмыстары -25,0%-ға, бұзақылық қылмыстары -37,6%-ға, көлікті заңсыз айдап әкету -53,1%-ға төмендеуіне қол жеткізілді. Сонымен қатар, қоғамдық орындарда болған қылмыстар саны 23,4%-ға, көшеде болған қылмыстар 15,5%-ға, жасөспірімдермен жасалған қылмыстар саны 16,1%-ға төмендеген.

– Елбасымыз тәртіп жоқ жерде қоғамдық тұрақтылық пен экономикалық дамудың болмайтындығын, ең ұсақ құқық бұзушылық пен мәдениетсіз қылықтардың қоғам тыныштығын бұзатынын, содан шығатын тәртіпсіздік пен бетімен кетушіліктер де одан да ауыр қылмыстарға апаратынын ерекше атап өткен болатын. «Нөлдік төзімділік қағидаты» бойынша Ішкі істер органдарының Жергілікті полиция қызметінің бөлімшелерімен жарты жыл ішінде 103 мың (2015ж – 90 мың 531) әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде қоғамдық қауіпсіздікке қатысты 29 мың 973 (2015ж – 26 мың 831) құқық бұзушылық, 73 мың 027 (2015ж – 63 мың 700) жол қозғалыс ережесін бұзу деректері анықталған, – деп атап өтті Маңғыстау облысы жергілікті полициясының басшысы Амангелді Халмұрадов.

Әкімшілік жауапқа 23 мың 426 тұлға тартылған, ол көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 21,4% пайызға өскен.

Облыс әкімі Алик Айдарбаев Жергілікті полиция қызметінің басшысы Амангелді Халмұрадовтың жұмысына қанағаттанарлық деген баға беріп, орындалмаған тапсырмаларын атап өтті. Жиын қорытындысы бойынша өңір басшысы нақты тапсырмалар беріп, соның ішінде құқық бұзышылықтың алдын-алуды күшейту қажеттігін баса айтты.

-Ақтөбе мен Алматы қалаларында болған қайғылы оқиғаларға байланысты, біздің полицейлер өздерінің кәсіби даярлығы мен моральдік-психологиялық жағдайына ерекше мән беруі қажет. Халықпен белсенді жұмыс істеп, кері байланыс орнатуыңыз керек. Оқиға болды деп бай-балам салмай, оны болдырмаудың амал-шарттарын қарастыруларыңыз қажет,- деді Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары