Шымкенттік олигарх Тоқтар Төлешов 18 түрлі қылмыс жасады деп айыпталуда. Бұл жайында Әскери соттың қылмыстық істер бойынша сот коллегиясының төрағасы Жандос Мұсабекұлы айтты деп жазады Tengrinews.kz.
Сотқа Төлешовтің ісі 29 тамыз күні "Құпия" деген таңбамен келіп түскен. Жандос Мұсабекұлының айтуынша, Төлешов бір емес, бірнеше ауыр қылмыс жасады деп айыпталуда.
"Қылмыстық істің көлемі 300 томды құрайды. Қылмыстық іс бойынша сот отырысына 104 куәгер мен 17 жәбірленуші және жәбірленушілердің 12 өкілі қатысады, - дейді Әскери соттың қылмыстық істер бойынша сот коллегиясының төрағасы.
Сот отырысының өзі болса жабық режимде өтетін болады. Өйткені, істе мемлекеттік құпияға жататын материалдар бар. Тергеу жұмыстарын ҰҚК мен ІІМ мамандарынан құрпалған ведомствоаралық жедел тергеу тобы жүргізген.
Тоқтар Төлешов ұлтаралық қылмыстық қоауымдастықты қаржыландырды, қарулы топ құрып, оны басқарды деп айыпталуда. ҚР ҰҚК мамандары бұған дейін хабарлағандай, "Шымкентсыра" компанисының бұрынғы басшысы ұзақ уақыт бойы "Братский круг" деп аталатын ұлтаралық қылмыстық топ өкілдерімен тығыз байланыста болып, олардың жетекшілерін қаржыландырып отырған.