$ 498.34  519.72  4.85

Астанада үш баланың анасы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Туыстары әйелді 12 күннен бері іздеп жатыр. Ал, полицияға арызды олар 4 күн бұрын жазған деп хабарлайды Informburo.kz.

Дәмет Нұртаева үйінен 24 тамыз күні болжам бойынша жұмысына қарай шығып кеткен. Бүгінге дейін ол туралы естіп-білгендер жоқ. Күйеуі Нариман екеуі үш бала тауып, оларды тәрбиелеп келіпті.

"24 тамыз күні таңертең ол үйден шығып, болжам бойынша жұмысына қарай кеткен. Сол күні оны күттік, келеді деп ойладық, полицияға хабар берген жоқпыз. Тек төрт күн бұрын ғана амалсыз тәртіп сақшыларына арызбен жүгіндік. Қазіргі таңда полиция жұмыс істеп жатыр, оған іздеу жарияланды. Біз Астанада тұрамыз, өзіміздің жеке үйіміз бар. Әйелім әпкесінің дүкенінде сатушы болып жұмыс істейтін. Отбасында болған кішігірім ұрыстан кейін ол кетіп қалды, проблемамыз бар еді. Бірақ, отбасымыз тәрбиелі болатын, үш баланы бағып-қағып отырмыз", - дейді Дәмет Нұртаеваның кұйеуі Нариман.

Оның айтуынша, әйелінің жаман әдеттері болмаған, спирттік ішімдік ішпейтін дейді. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері көршілері мен туған-туыстарын сұрақ астына алған. Нариманның айтуынша, әйелі жоғалар алдында көршілерінен қарыз алып, алтындарын ломбардқа өткізіп кеткен екен.

"Оның ломбардқа алтын өткізгені анықталды. Жұрттан қарыз алыпты. Соған қарағанда, біреуге ірі ақша қарыз болған. Жоғалардан бұрын одан өзінің және әпкесінің алтындарын неліктен ломбардқа өткізгенін сұрадым. Ол үйден шығып кетті де, қайта оралған жоқ", - дейді жоғалған әйелдің күйеуі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары