$ 494.87  520.65  4.91

ОҚО-да 7 бірдей ауыл әкімі жемқорлықпен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының мамандары "Балапан" және "Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына" бөлінген 100 миллион теңгеден астам қаражаттың талан-таражға түскенін анықтады. Бұл туралы аталған бюроның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Белгілі болғандай, Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданына қарасты ауылдық округтердің әкімдері мектепке дейінгі мекемелердің басшыларымен өзара сөз байласып, 100 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған.

"Лауазымды тұлғалар мектепке дейінгі мекеме басшыларымен бірігіп, тәрбиеленушілердің жалған тізімін әзірлеп отырған. Яғни, олар бір баланы бірнеше балабақшаның тізіміне енгізген. Осылайша, олар бала санын қолдан өсіріп, жұмсалатын шығын көлемін ұлғайтқан", - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының мамандары.

Бір ғана Жаңа жол ауылдық округінің әкімі Сатыбалдиев бухгалтері Омаровпен және "Айсана ана" ЖШС, "Жас Шуақ" ЖШС басшысы Биболовпен бірігіп, бюджеттің 39,8 миллион теңгесін қолды еткен. Дәл осындай жолмен Нұрлыбаепв ауылдық округінде де 25 миллион теңге талан-таражға түскен.

Өзге ауылдық округтердің әкімдері қылмыстық жауапкершіліктен жалтару үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының мамандарына пара бермек болған екен. Осылайша, қылмыстарының үстіне қылмыс жамаған. Жалпы ұсынылған пара көлемі 4 миллион 920 мың теңгені құрап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары