Ақтөбеде маусым айында орын алған лаңкестік оқиғаға қатысты 30 күдікті сот алдында жауап береді деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство таратқан мәліметке сәйкес, Ұсталған күдіктілердің 9-ы лаңкес, 18-і теракт болатынын біле тұра құқық қорғаушыларға хабарламағандар және 3-і лаңкестерді жасырған азаматтар.
"Қылмыстық істі тергеу жұмыстары аяқталды. Іс материалдары танысу үшін тараптарға жіберілді. Барлығы 77 іс қозғалған және барлығы да бір іске біріктірілді. 21 күдікті қамауға алынған. Тағы 13 күдікті қауіпсіздік мақсатында заң органдарының қорғауына алынды. Аталған іс бойынша түрлі 215 сот сараптамасы мен 26 зерттеу жүргізілді. Өлтірілген 18 лаңкеске қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылып, олар заңнамаға сәйкес жерленді. Облыстық прокуратураның келісімімен тергеу мерзімі мен күдіктілерді қамауда ұстау мерзімі 4 айға созылды. Тергеу барысында анықталғандай, лаңкестік оқиға алдын ала жоспарланбай, аяқасты ұйымдастырылған және оған ДАИШ өкілінің ықпалы болған", - деді ҰҚК өкілі.