$ 494.87  520.65  4.91

Жұрт Ерасыл Әубәкіровті азаптаған видеодан Аян Мейірбаевты тануда (ВИДЕО)

Астанадағы медициналық университеттің студенті Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты сот отырысы басталар сәтте аталған қылмысқа қатысты жаңа деректер пайда болды. Жұрт Ерасылды азаптап жатқан бейнематериалдан Аян Мейірбаевты танып қалған. Сенсациялық кадрларды белгісіз біреу 31-арнаның редакциясына жолдапты.

Бұл кадрларды телеарнаға Сара Адай есімді интернет қолданушысы жіберген. Фотосуреттердің видеоматериалдан алынғаны көрініп тұр. Ал, аталған бейнеролик қылмыс болғаннан кейін тарап кеткен видеоматериалдың толық нұсқасы секілді. Кадрлардан Ерасылды азаптап жатқан адамның түрі анық көрінген. Ол бұған дейін күдіктілер қатарынан жәбірленушіге айналып шыға келген Аян Мейірбаевқа өте қатты ұқсайды.

Заңгерлердің айтуынша, кадрлардың авторы прокуратураның Мейірбаевқа қатысты тым ерте шешім шығарып қойғанын меңзегендей. Ол бәлкім Аянды күдіктілер қатарына қайта қосқысы келген болу керек дейді заңгер Серік Айтбаев.

- Иә, бұл біреудің алдын ала жоспарлаған әрекеті. Яғни, жұрттар аталған видеокадрлардағы адамдарға қатысты қылмыстық істің қайта қозғалғанын қалап отырған болу керек. Ал, қылмыстық істі дәл қазір прокуратура қозғай алады немесе жәбірленуші тарап қайта арыз жазғаннан кейін қозғауы мүмкін. Бірақ, екі тарап та қазір ешқандай шара қолданып отырған жоқ, - дейді ол.

Естеріңізге салайық, Ерасыл Әубәкіровтің өлімінен кейін полицейлер төрт күдіктіні қолға түсірген болатын. Ерасылдың жерлесі Аян Мейірбаев алғашында осы төртеудің қатарында еді. Алайда, прокуратура оның әрекетінде ешқандай қылмыс белгілерінің жоқтығын айтып, Мейірбаевты күдктілер тізімінен алып тастады. Бүгінде ол сот процесіне жәбірленуші ретінде қатысуда. Оның әкесі ШҚО-дағы ірі кәсіпкерлердің бірі екенін де айта кету керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары