Тайтөбе тұрғындары қоқыс полигонынан шығып жатқан иіске шағым түсірді. Полигон аумағы жылдан жылға ұлғайып жатыр. Бұл туралы Хабар арнасы хабарлады.
Тайтөбе маңындағы қоқыс полигоны 5 шақырым жерде орналасқан. Жалпы ауданы 150 гектарды құрайды.
Ауылдан шығар жолға шлагбаум орнатылған, ал жаны арықтармен қазылған. Соның өзінде ол жүк көліктерін тоқтата алмаған.
Жергілікті тұрғындар билікке әбден қапалы. Олар терезе аша алмай отырғандарын айтты. Сондай-ақ, қоқыс полигонынан жазда өрт шығып, елді-мекен түтінге оранады.
– Бұл жердегі қоқыс сұрыпталмайды, өңделмейді. Ашық аспан астында шашылып жатыр. Бұл маңда тарихи қорғандар, мавзолейлер, кесенелер бар. Соларды негізге алып, туристік аймаққа айналдыруға болатын еді. Бірақ оған бас қатырмай, қоқыс тастау оңай болып тұр, – деді жергілікті тұрғындар Роза Байзақова.
Атқарушы билік адамдардың қарсылығына қарамастан қоқыс тасушы компанияға ресми рұқсат берген.
Амалы қалмаған тұрғындар Президентке хат жазды.