Қоғам 19.05.2021 сағат 11:20

СҚО-да иттен құтырма анықталып, бір ауылға шектеу енгізілді

Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі Қайырлы Қазановтың айтуынша, сәуір айында Жалтыр ауылында ит өлген.
СҚО-да иттен құтырма анықталып, бір ауылға шектеу енгізілді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл итінен құтырма анықталып, Городецкий ауылдық округіне шектеу шаралары енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

СҚО ветеринария басқармасының мәліметінше, Шал ақын ауданы Городецкий ауылдық округі Жалтыр ауылында құтырма ауруының ошағы анықталды.

Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі Қайырлы Қазановтың айтуынша, сәуір айында Жалтыр ауылында ит өлген. Зертханалық сараптама 22 сәуір күні оның құтырмадан өлгенін растады.

Қауіпті аурудың таралуына жол бермеу мақсатында Городецкий ауылдық округіне 18 мамыр күні шектеу шаралары енгізілді. Қазір дезинфекция жұмыстары басталды. Бұдан басқа ветеринарлар барлық малға және ит-мысыққа құтырмаға қарсы екпе егеді.

«Ауылдық округте 660 сиыр, 2200 қой-ешкі және 160 жылқы бар. Соның бәріне екпе егіледі. Ит-мысықтарға да вакцина салынады. Облыста биылдыққа алғаш рет құтырма иттен анықталып отыр. Бұған дейін бірнеше ауданда ірі қара малда құтырма анықталып, тиісті іс-шаралар жүргізілді», - дейді Қайырлы Қазанов.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар