$ 498.34  519.72  4.85

Ринат Зайытов өзінің қызқұмар екенін мойындады (ВИДЕО)

Танымал айтыскер-ақын Ринат Зайытов өзінің қызқұмар екенін мойындады. Сұлу қыздардың алдында әлсіздік танытатынын ол «Астана» телеарнасындағы «Сырласу» бағдарламасына берген сұхбатында айтқан.

Бағдарламаның эфирден шыққанына біршама уақыт болса да, дәл осы әңгімесі интернетте енді ғана жарияланып отыр.

«...Жақсы қараймын. Қазір өтірік ақталмай-ақ қояйын, қызға кім бармайды деп... Былай айтқаным дұрыс шығар: ол менің кемшілігім», - дейді Ринат өзінің қызқұмарлығы жайында.

Сондай-ақ, ол өзінің бұл кемшілігінен жары да, басқалары да хабардар екенін айтып, өзін ақтап алуға тырысты.

«Біз бір күйеуден ажырасып, екіншісіне тиген әйелге кешіріммен қараймыз. Үшінші, төртінші күйеуге тисе де, бұл оның тағыдыры ғой дейміз. Ал, екі әйел алған еркекті итше талауға дайын тұрамыз. Шын мәнінде, мен сыйлаймын екінші әйел алған еркекті», - дейді айтыскер-ақын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары