$ 498.34  519.72  4.85

Дәрігерлер Ақтауда зорланған 6 жасар қыздың аман қалатынына сенбейді

Ақтауда педофилдің құрбанына айналған 6 жасар Вика төрт аптадан бері хал үстінде жатыр. Дәрігерлер оның миына ауыр зақым келгенін анықтаған. Енді аяққа тұрып, адам болып кетуі екіталай дейтін көрінеді. Бұл туралы Informburo.kz порталына берген сұхбатында кішкентай қыздың әжелері айтып берді.

Қазір Виктория Астанада емделіп жатыр.

"Дәрігерлер ары қарай күресудің мәні жоқ екенін, кереметтің болмайтынын айтты. Бірақ, біз сол кереметке сенгіміз келді, мүмкін аурудың емін білетін дәрігерлер бар шығар", - дейді сәбидің әжесі көз жасын тыя алмай.

Оның айтуынша, көмек қолын созғысы келетін жандар жиі хабарласып, материалдық көмек ұсынады екен. Алайда, бұл отбасыға дәл қазір ақша қажет емес, шығындардың барлығы мемлекеттің есебінен төленуде. Тек, білікті дәрігер болса дейді.

"Бәлкім кейбір дәрігерлердің жұмыс тәжірибесінде мұндай жайт болған шығар, мүмкін біреу мұндай науқасты аяққа тұрғызған шығар, бізге қазір сондай маман керек", - дейді Викторияның нағашы әжесі.

Әйелдердің айтуынша, дәрігерлер баланың аман қалуы екіталай екенін мәлімдеген. Тіпті, тірі қалған күннің өзінде жай өсімдік секілді солып қалады деп болжаған. Бірақ, сәбидің әжелері бұған да көнуге дайын, бастысы қызымыз аман болса болды дейді олар.

"Оның денсаулығы өте мықты. Әлі күнге дейін неліктен тірі жатыр дейсіз, жүрегінің мықты болуынан. Биыл ол бірінші сыныпқа баруы керектін. 8 мамыр күні дүниеге келген - Жеңіс күнінен бір күн бұрын. Сондықтан оның есімін Виктория деп қойдық, яғни "жеңіс". Оның жеңіп шығуын тілейміз енді", - дейді нағашы әжесі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары