$ 448.15  483.46  4.86

Ninety One тобының Шымкенттегі концерті болмайтын болды (ВИДЕО)

Атышулы Ninety One тобының Шымкентте 2 қазанға жоспарланған концерті кейінге қалдырылды. Бұл туралы топ әншілері өздерінің Instagram-парақшаларында мәлімдеген.

Айтуларынша, олар қала әкімдігінің өтінішінен кейін концерттің уақытын өзгертіпті.

Естеріңізге салайық, осыдан бірер күн оңтүстіқазақстандық бір топ белсенді жас Ninety One тобының Шымкентте өтетін концертіне қарсылық танытып, бейнеүндеу жариялаған болатын. Қаладағы «Тәуелсіздік» саябағына жиналған 30-ға жуық қыз-жігіт аталған концертті өткізбеуге бар күшімізді саламыз деп уәде берген.
Әзірге қала әкімдігі аталған топ концертінің уақытын неліктен кейінге қалдырғаны белгісіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары