$ 498.34  519.72  4.85

Мал үшін ағайынды үш жігітті өлтірді деген күдіктілер 2 айға қамауға алынды

Алматы облысының Жамбыл аудандық соты ағайынды үш жігітті өлтірді деген күдікті екі адамды 2 айға қамауға алуға санкция берді. Бұл туралы Tengrinews.kz порталы мәлімдеп отыр. Күдіктілер тергеу аяқталғанға дейін, яғни 2016 жылдың 24 қарашасына дейін абақтыда болады. Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-тармағы бойынша ("Кісі өлтіру") айып тағылған.

Айта кетейік, бұған дейін марқұмдардың туыстары қылмыстың қандай айуандықпен орын алғанын айтып берген еді. Олардың сөзінше, жәбірленушілердің екеуін бастан, үшіншісін кеуде тұстан атқан екен. Денелерін жасыру мақсатында айдаладағы тастанды қораға апарып, малдың тезегімен көміп тастаған.

Күдіктілер екі жүк көлігінің бірін өртеп, екіншісін далада қалдырыпты. 36 бас ірі қараны айдап әкетпек болған. Алайда, арам ойларын соңына дейін жүзеге асыра алмаған. Олардың ұсталуына куәгерлер көмектескен көрінеді.
Ал, қайтыс болған үш жігітті туыстары бүгін жер қойнауына тапсырып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары