$ 498.34  519.72  4.85

ОҚО-да жас инспекторлардың саптық шеруі өтті

Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметі, білім беру ұйымдарының өкілдерімен бірлесе Шымкент қалысындағы Жастар орталығында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекесіне орайластырылған «Жол қозғалысының жас инспекторлары» атты саптық шеруін өткізді. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Акцияның мақсаты – балалар мен жастардың қатысуымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша жұмыстарды жетілдіру, балалардың жолда жүру ережесін меңгерту дағдысын қалыптастыру.

Жол қозғалысының жас инспекторлары ұйымына мүше балалар саптық шеруде жол қозғалысының қауіпсіздігіне арналған әндер орындады. Сондай-ақ, 210 жас инспектор Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын айшықтайтын 25 санын бейнелеп сапқа тұрды.

Саптық шеруге полицияның 200-ден астам көмекшісі мен 500 жоғары сынып оқушылар қатысты. Оларға полицейлер жол қозғалысын насихаттайтын кітапшалар мен буклеттер таратты.

Айта кетейік, жас инспектордардың шеруі еліміздің өзге өңірлері секілді Оңтүстік Қазақстан облысында да дәстүрге айналған. Жыл сайын жол патрульдік полиция өкілдері мен учаскелік инспекторлардан құралған топтар Шымкенттегі барлық мектептерді аралап, оқушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ, оқушылар жол сақшыларымен бірге көшеге шығып, жүргізушілерге ескерту қағаздарын таратады. Мұның бәрі балалардың қатысуымен орын алатын жол көлік оқиғаларының санын азайту мақсатында қолға алынған шаралар екенін айта кету керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары