$ 474.72  515.17  5.58

ОҚО тұрғындары «Тәуелсіздік» тау шыңын бағындырды

Оңтүстік Қазақстан облысында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Бұл - біздің таулар» фестивалі өтті. Дәстүрге айналған шара биыл Төле би ауданы, Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық паркінде өткізілді деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

Фестивальға Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік, индустириялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы М.Қарабаев және облыс тұрғындары мен қонақтары, блогерлер және БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шараға қатысушылар Өгем тау жотасының шығысы жағында орналасқан «Тәуелсіздік» шыңын бағындырумен қатар, суретшілердің сайысына да қатысты. Арнайы жол көрсетушілермен тауға шыққан жастар 2200 метр биіктікті бағындырып, өз алдарына рекорд жаңартты.

Бұдан бөлек, “Bal Tekstil” кілем тоқыма фабрикасының демеушілігімен «Біз туризм және экологиямен біргеміз» қайырымдылық шарасы өткізілді. Аталған шара қоғамдағы өзекті мәселе – ата-ана қамқорлығынан айырылған жандарға арналды. Фестиваль қортындысы бойынша белсенді жастар мен суретшілер марапатталып, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды.

Айта кетейік, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында өткізіліп отырған шаралар мұнымен шектеліп қалмайды. Жаңа нысандардың ашылуын айтпағанда, жыл соңына дейін Оңтүстік Қазақстан облысында мәдени, қайырымдылық және әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар көптеп өткізіледі деп жоспарлануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары