$ 443.44  480.51  4.88

ОҚО тұрғыны республикалық тіл байқауында топ жарды

«Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік нышаны» республикалық конкурсында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы департаментінің маманы Пернехан Досан бірінші орынды жеңіп алды. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Мемлекеттік тіл байқауына еліміздің облыстары мен Астана және Алматы қалаларындағы  халыққа қызмет көрсету орталығы филиалдарының өкілдері қатысты. Мәдени шара ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған.

Жерлесіміз мемлекеттік тіл туралы өзі шығарған патриоттық әсерлі туындысымен әділқазылар алқасының есінде ерекше сақталып қалды.

— Мен қазақ тілінің мәртебесін асқақтатып жүргеніме және Оңтүстік Қазақстан облысының атынан осыны тағы бір мәрте дәлелдей алғаныма аса қуаныштымын,- дейді конкурстың жеңімпазы Пернехан Досан.

Сондай-ақ аталған конкуста үшінші орынды Жамбыл облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы департаментінің маманы Айжан Баялиева алса, екінші орынды Алматы облысы бойынша әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы департаментінің маманы Дархан Болатов иемденді.

Республикалық тілдер конкурсы 5 кезеңнен өтті.  Ол — дәстүрлі өзін-өзі таныстыру, мақал-мәтелдер сайысы, өнер сайысы, интеллектуалдық сұрақтар және де мемлекеттік тілде құжаттар дайындау. Байқауда Қазақстанның ақпарат және коммуникациялар министрлігінің, мәдениет және спорт министрлігінің тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің, «Нұр Отан» партиясының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қазылық етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары