$ 443.35  475.54  4.82

Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі осы айда қайта қаралады

Қытайда есірткі тасымалдады деп айыпталып, өмірінің соңына дейін түрмеге жабылған қазақ қызының ісі осы қазан айында қайта қаралатын болды. Бұл туралы оның қорғаушысы Сұңқар Нұрмағанбетов мәлімдеді деп жазады Informburo.kz.

Ақжарқын Тұрлыбайдың ақталып шығуы ғажап емес. Ол өзінің кінәсіз екенін дәлелдеу үшін кесілген аса ауыр жазаны уақытша тоқтатып, істің қайта қаралуына қол жеткізіп отыр. Ал, Қытайда мұндайға қол жеткізу екінің бірінің қолынан келе бермейтіні мәлім.

"Оның ісі қайта қаралады, жаңадан үкім шығады. Ол өзіне тағылған айыптарды мүлдем мойындаған жоқ. Енді Ақжарқынның толық ақталып шығуы үшін жұмыс істейтін боламыз. Қазіргі жағдайы қанағаттанарлықтай, әзірге туған-туыстарынан сәлемдеме алып тұруға мүмкіндік жасалған. Бұған дейін оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесін көтерген болатынбыз. Алайда, жазасы уақытша тоқтатылғаннан кейін экстрадициялау мәселесі де тоқтады. Өйткені, жаза күшіне енбеген. Енді қазір Ақжарқынның ақталуын күтіп отырмыз, олай болмаған жағдайда экстрадициялауға күш саламыз", - деді А.Тұрлыбайдың қорғаушысы.

Естеріңізге салайық, қытайлық полиция 20 жастағы қазақ қызын 2014 жылдың наурызында Гуанчжоу әуежайында ұстаған болатын. Оған есірткі тасымалдады деген айып тағылып, сот бойжеткенді өмір бойына бас бостандығынан айырды.

Ақжарқынның өзі болса шетелдік қылмыскерлерге алданып қалғанын айтып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары