$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте түрме қызметкері кәрі педофилді ұстап алған

Шымкентте әйелдер колониясында жұмыс істейтін полиция қызметкері үш бірдей бүлдіршінді зорламақ болған қарт педофилді ұстады. Оқиға 6 тамыз күні орын алғанымен тек бүгін ғана қоғамға белгілі болып отыр.

Елдос Жанзақов - Шымкенттегі әйелдер колониясының қызметкері, сержант. Ол жұмыстан қайтар жолда кәрі кісінің үш баланы зорламақ болып, азғындап жатқан әрекетінің үстінен түсіпті. Педофилді түрме қызметкері дереу ұстап, полицейлерге өткізген. Абырой болғанда, балалар зәбір көріп үлгермепті. Бүгін түрме басыары Елдосты марапаттап, балаладың ата-анасы оған алғыстарын айтты.

"Мен жұмыстан сағат үштер шамасында шықтым. Үйде демалып жатқанмын, терезе түбінен кішкентай балалардың сөйлесіп жатқан дауысын естідім. Ол адам жүрмейді, жүруі қиын. Балалар мұнда не істеп жүр деген ой сап етіп келді. Дереу терезеден қарадым, сөйтсем жасы 60 шамасындағы ер азамат шалбарын шешіп, әлгі кішкентай балаларды азғындап жатыр екен. Айғайлап ем, дереу қаша жөнелді. Мен қуып, "Кабиско" аялдамасы жанында ұстап алдым және полицияға өткіздім", - дейді Елдос Жанзақов 1 ай бұрынғы оқиғаны есіне алып.

Оның айтуынша, педофилдің құрбаны бола жаздаған балалардың жасы небәрі 3-4-те. Олардың бірі қыз, екеуі ұл балалар. Сәбилерді құтқарып қалғаны үшін Елдос Жанзақовқа тек грамота беріп шектелуге болмайды дейді түрме басшылары. Сондықтан, ол биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мемлекеттік наградамен де марапатталмақ.

Ал, 61 жастағы күдікті болса қазір тергеу абақтысында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары