$ 494.87  520.65  4.91

Ерасыл Әубәкіровті өлтірді деп айыпталған Нұрбек Әжімбай 20 жылға сотталды

Астанадағы медициналық университеттің 6-курс студенті Ерасыл Әубәкіровті өлтірді деп айыпталған үш жігітке сот үкімі шықты. Бір жарым айға созылған сот процесіне бүгін нүкте қойылды деп жазады Informburo.kz.

Ерасылды айуандықпен өлтірді деп айыпталған негізгі күдікті Нұрбек Әжімбайды судья 20 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуге және дүние-мүлкін тәркілеуге үкім етті.

Естеріңізге салайық, Ерасыл Әубәкіров биыл ақпан айының басында үйінен шығып, кейін із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Араға бірнеше күн салып полицейлер оның өлі денесін қала іргесінде қар астынан тауып алды. Артынша бұл қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 4 жігіт ұсталып, тергеу барысында олардың бірі - өскемендік ірі кәсіпкердің ұлы Аян Мейірбаев ақталып шыққан еді.

Тергеу барысында Ерасылды азаптап жатқан бейнематериалдың да бар екені анықталды. Онда Аян Мейірбаевқа қатты ұқсайтын ер азамат жәбірленушіні соққыға жыққаны анық көрінген.

Қылмысқа қатысы бар тағы екі күдікті Андрей Тихоненко мен Виталий Шерстенёвке қатысты сот үкімі енді жарияланады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары