Астанадағы медуниверситеттің студенті Ерасыл Әубәкіровты өлтірді деп айыпталған тағы екі адамға сот үкімі шықты. Бұған дейін ауыр қылмысты ұйымдастырған Нұрбек Әжімбай 20 жылға бас бостандығынан айрылған болатын. Ал, оған көмектескен Виталий Шерстенёв 16 жылға, Андрей Тихоненко 11 жылға сотталып отыр. Үшеуі де жазаларын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады.
Естеріңізге салайық, медуниверситеттің 6-курс студенті биыл 3 ақпан күні жоғалып кеткен болатын. Араға он күндей уақыт салып полиция оның денесін қар астынан тапты. Медициналық сараптама Ерасылдың азапталып өлтіргенін де анықтады. Мұнан кейін тәртіп сақшылары төрт күдіктіні қолға түсірген. Алайда, тергеу барысында олардың бірін босатып жіберді.