$ 447.4  477.55  4.76

Астаналық полицейлер жазықсыз жанды жасамаған қылмысын мәжбүрлеп мойындатқан

Астана соты былтыр кісі зорлап, оны өлтірді деген айыппен сотталған Д.Шаяхметті ақтап шығарды. Психикалық ауруына байланысты оған бүгінге дейін мәжбүрлі емдеу шаралары қолданылып келген болатын.

Астана қалалық прокуратурасының тексеруі барысында аталған кісі өлтіру қылмысына қатысты жаңа деректер анықталып, сотталған Д.Шаяхметтің бұл іске мүлдем қатысы жоқ екені анықталды. Белгілі болғандай, тергеушілер Бекпанов пен Жүсіпов жазықсыз жанды мәжбүрлі түрде мойындатып, куәгерлерді де жалған куәлік беру үшін біраз азаптаған екен.

"Прокуратура жүргізген тексеру анықтағандай, полиция қызметкерлері Бекпанов және Жусупов куәларға психологиялық және тән зардаптарын, азаптау арқылы келтірген (ұзақ бойы, сотқа дейінгі мен сот тергеуі аяқталғанға дейін жабық бөлмеде ұстаған және т.б.). Қолдарында, жанама жалған айғақ берүшілердін барына тоқтамай, Д. Шаяхметовтың кінәлігіне ешқандай күмән келтірмеу үшін, қайтыс болған жәбірленуші И. жеке заттарын қалтасына салған", - делінген қалалық прокуратура таратқан хабарламада.

Сот үкімімен бүгінде Бекпанов пен Жүсіповке әр түрлі жазалар тағайындалыпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары