$ 498.34  519.72  4.85

Лисаковск қаласында кәсіпкер әйелді өлтірді деген күдікті қамауға алынды

Қостанай облысы Лисаковск қаласында 32 жастағы кәсіпкер әйел Надежда Потапованы азаптап өлтірді деген 24 жастағы күдікті қамауға алынды. Тергеу ісі аяқталғанға дейін ол 2 ай бойы уақытша ұстау абақтысында болады.

Күдіктіні қамауға алу туралы санкцияны Лисаковск қалалық соты шығарып отыр. Ұсталған ер азаматқа ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 1-тармағы "Кісі өлтіру" бойынша айып тағылған. Бұл туралы Alau.kz порталы хабарлады.

Естеріңізге салайық, биыл 12 қазан күні екі баланың анасы Надежда Потапованың мәйіті табылған болатын. Кәсіпкер әйел бизнес жүргізумен қатар интернатта педагог болып жұмыс істеген.

Күдікті бұған дейін марқұммен таныс болған. Кәсіпкер әйелге іздеу жарияланған тұста ол ерікті азаматтармен бірге іздеу жұмыстарына қатысыпты. Тіпті, полицияға Потапованы соңғы рет көрген куәгер ретінде де түсініктеме берген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары