$ 442.05  474.14  4.74

Баян Мақсатқызы (Есентаева) күйеуін кешіріп, оны жазаламауын сұрады

Баян Мақсатқызы сотта күйеуін балалары үшін кешірді. Продюсердің адвокаты Марат Асқарбеков Баян Мақсатқызының Бақытбек Есентаевқа қатысты істің тоқталуы туралы өтініш білдіргенін мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Адвокат Баян Мақсатқызының Есентаевты сот залынан босатуды сұрағанын айтты. Сонымен қатар, адвокаттың айтуынша, Баянның күйеуіне айтатын ешқандай да шағымы жоқ, балалары да әкесін толықтай кешірген. "Баян Мақсатқызы қатты уайымдады. Күйеуін де қыздары үшін кешірді, соттан оны босатуды сұрады", - деді ол.

Айта кетейік, продюсердің адвокаты, яғни Марат Асқарбеков әнші Аша Матайдың әкесі. Осылайша ол Баян Мақсатқызына туысқан болып келеді. Сондай-ақ, ол осындай шешім қабылдай алған Баянды дана әйел деп атады.

Айта кетейік, сот отырысында продюсермен Грузияда бірге болған "Лашын" тобының мүшелерінен де жауап алынды. Продюсер мен күйеуінің арасындағы жанжал осы сапардан кейін болған. Баян Мақсатқызының айтуынша, ол әуежайда таксиге отырған соң, кенеттен көлікке күйеуі кіріп отырған. Содан олар сонда сөзге келген. Бақытбек Есентаев әйелін аяусыз ұрып соғып, бірнеше рет пышақтаған. Ота жасатқан Баян Мақсатқызы кейіннен тегін де өзгертті.

Еске сала кетейік, Баян Мақсатқызы 10 маусымда ауыр жағдайда Талғардағы ауруханаға түскен болатын. Тергеудің мәліметінше, оны күйеуі Бақытбек Есентаев аяусыз ұрып соғып, бірнеше рет пышақтаған. Бұл оқиға Еңбекші ауылының маңында Құлжа тас жолында болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары