$ 448.15  483.46  4.86

4 адамды ұрып, пышақтаған полицейлер жеңіл жазамен құтылды

Павлодарда үш ер және бір әйел адамды соққыға жығып, пышақ жарақаттарын салған екі полицей үш жылға шартты түрде сотталды. Қалалық прокуратура қызметкерлері де судьяның неліктен мұндай жеңіл жаза қарастырғанын түсіне алмай отыр деп жазады Sputnik.

Бірнеше адамның қатысуымен орын алған жаппай төбелес былтыр қазанда сауда үйінің маңында орын алған болатын. Қос полицей өзге адамдармен бірігіп, еш себепсіз үш ер азамат пен бір әйелді соққыға жыққан.

"Полицияның аға сержанты және сержант және тұлғасы анықталмаған тағы бірнеше ер азамат қаладағы сауда үйлерінің бііні маңында еш себепсіз үш ер азамат пен әйелді соққыға жықты. Төбелес кезінде полицейлердің бірі жәбірленушінің басынан битамен ұрса, екіншісі асхана пышағын өзге жәбірленушінің жамбасына 4 рет, кеудесіне бір рет, желкесіне және қолына бір реттен тығып алған", – делінген тергеу материалдарында.

Сот отырысында мемлекеттік айыптаушылар судьядан қос полицейді де қамауын сұраған. Алайда, судья жазаны барынша жұмсартып, олардың бостандығын тек шектеумен шектелді. Ал, мұны прокурорлардың өздері де түсіне алмай отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары