$ 498.34  519.72  4.85

Ақтөбелік лаңкестер өздерін кінәлі сезінбейді

Ақтөбеде маусым айында лаңкестік жасаған бір топ күдіктінің үстінен сот процесі жалғасуда. Бүгін айыпталушылар осынау қанды қылмысқа не үшін барғандарын түсіндірді деп жазады Tengrinews.kz Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот бүгінге дейін 60-тан астам жәбірленуші мен 40-тан астам куәгерді тыңдап болды. Ал, айыпталушылар болса өз істеріне түсінік беріп жатыр.

"Сотта сұралған айыпталушылар өздерінің террористік топ құрамында болғандарын жасырмай айтса да, жаппай кісі өлтіру қылмысына өздерін кінәлі санамайды. Бірақ, болған жайтқа өкінетіндерін айтып отыр. Олар өздерінің террористік акт жасауы себебін Таңатаров пен Айтуғанның үндеуімен байланыстыруда. Аталған топ жетекшілері жергілікті құқық қорғаушылар мұсылман бауырларды қудалап, қарындастарымызды зорлап жатыр деп мәлімдеген екен. Күдіктілердің бірі сот процесінде айтқандай, лаңкестік оқиға күтпеген жерден және өте жылдам орын алған", - деп мәлімдеді облыстық соттың баспасөз қызметі.

Лаңкестік болатынын біле тұра, оны тәртіп сақшыларына хабарламаған өзге салафиттер де кінәларын мойындап, болған жайтқа өкінетіндерін жеткізген. Олар ақпаратты хабарламағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын білмегенін айтып ақталуда.

Айта кетейік, сотталып жатқан 29 адамның 9-ы террорситік акт жасады деп айыпталып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары