$ 439.43  473.31  4.82

Жемқорлық үшін Үкімет пен әкімдердің тең жартысын қамауға болады - Д.Сәтпаев

Танымал саясаттанушы Досым Сәтпаевтің айтуынша, Қазақстандағы антикоррупциялық қызмет тиімсіздігін көрсеткен. Өйткені, ол жемқорларды таңдап ұстайды дейді сарапшы. Бұл туралы Informburo.kz порталы жазды.

"Бұрын жемқорлық элементінің өзі мемлекеттік қызметке кірудің билеті болатын: егер сен ережеге сай ойнасаң сені ешкім ұстатып жібермейді. Бұл жүйе жақсы жұмыс істеді. Алайда, қазір жемқорлардың біразын жеп отырған нанынан айырды. Бұл саладағы сенімділік жоғалып барады", - дейді саясаттанушы Д.Сәтпаев.

Оның айтуынша, жемқорлардың тынысы тарылса да біздің елде ірі парақорлар әлі де еркін әрекет етіп жүр. Парамен ұсталатын шенеуніктердің көпшілігі төменгі немесе орта деңгейдегі мемқызметкерлер.

"Дәл мұндай баппен Үкіметтегілердің тең жарысын, әкімдердің біразын қамап тастауға болады. Біздің елде жүріп жатқан жемқорлықпен күрес жұмыстары оңтайлы инвестициялық климат қалыптастырады деп айта алмаймын. Өйткені, бұл күрес таңдаулы адамдармен ғана жүргізіліп келеді", - дейді сарапшы.

Сәтпаевтің айтуынша, жемқорлықпен күресуде Сингапурдың көшбасшысы болған Ли Куан Юдің әдісін қолдану керек.

"Ең алдымен өзіңіздің үш досыңызды түрмеге жабыңыз. Не үшін жабу керек екенін сіз жақсы білесіз, олар да өздерінің неліктен қамалғанын біледі", - дейді Ли Куан Ю жемқорлықпен күресу жайында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары