$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстанда тағы бір танымал журналист қамауға алынды

"CentralAsiaMonitor" және "Radiotochka.kz" ақпараттық порталдарының бас редакторы Бигелді Ғабдуллин бопсалау дерегі бойынша қамауға алынды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

"Аталған басылымдардың бас редакторы Бигелді Ғабдуллинге қатысты бопсалау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында анықталғандай, Ғабдллин өзіне қарасты "CentralAsiaMonitor" және "Radiotochka.kz" басылымдарын пайдаланып, мемлекеттік орган басшыларына қарсы ақпараттық шабуыл ұйымдастырған, олардың іскерлік беделіне нұқсан келтіретін материалдар жариялаған", - делінген Бюроның өкілдері таратқан хабарламада.

Тергеу мәліметтеріне сенсек, Ғабдуллин сын мақалаларды тоқтату үшін лауазымды тұлғалардан өзінің басылымдарына мемлекеттік тапсырыс талап еткен көрінеді. Сыннан қорыққан шенеуніктер Ғабдуллиннің дегеніне көніп, мемлекеттік байқауды оның компаниясының пайдасына шешіп беріп отырған. Тек содан кейін ғана қос порталда сын тоқтап, керісінше мақтау мақалалары жарық көріп келіпті. Мәселен, Жамбыл облысы әкімдігінен Ғабдуллин 10 миллион теңге бопсалаған. Дәл осындай жүйемен тағы 7 мемлекеттік орган журналисттің сұрауын қанағаттандырып келіпті.

Қазіргі таңда Бигелді Ғабдуллин қамауға алынып, оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 128 бабы бойынша іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары