$ 498.34  519.72  4.85

Журналист Бигелді Ғабдуллин 2 айға қамауға алынды

Астана қаласы Алматы аудандық №2 соты танымал журналист Бигелді Ғабдуллинді 2 айға қамауға алу туралы шешім шығарды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Бигелді Ғабдуллин - Central Asia Monitor және Radiotochka.kz басылымдарының бас редакторы. Ол аталған ақпараттық ресурстарға мемлекеттен қаржы алу үшін мемлекеттік орган басшыларын бопсалаумен айналысқан деп айыпталуда. Оған ақша берген ірі органдар қатарында Жамбыл облысы әкімдігі мен министрліктердің бірі бар. Ғабдуллинге барлығы 7 шенеунікті бопсалады деп айып тағылып отыр.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровтың айтуынша, танымал журналистің сот процесі ашық түрде өтетін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары