$ 439.43  473.31  4.82

30 градустық аязда семейлік әйел 4 сағат бойы далада жатып қалған

Оқиға Семейге іргелес орналасқан Мирный елдімекенінде 15 қарашада тіркелген. 30 градустық аязда қар үстінде ес-түссіз жатқан 53 жастағы әйелді көршісі тауып алып, дереу жедел жәрдем шақырыпты.

Дәрігерлер әйелдің денесін толық үсік шалғанын айтып отыр. Ол аса ауыр халде жансақтау бөліміне жатқызылған. Жығылғанға жұдырық болғаны - науқастың қант диабетімен ауыратыны дейді ақ халаттылар. Оның аяқтары мен қолдарын айтарлықтай үсік шалған.

Қазір науқас әйел есін жиып, оқиғаның қалай болғанын өзі айтып берді. Ол сол күні өзінің мас болғанын мойындап отыр. Үйінің есігін аша алмай, сол маңайға құлап, қайта тұра алмапты.

"Ол жансақтау бөлімінде. Бір тәулік бойы ес-түссіз жатты. Өкпесін жасанды жолмен демалдыру аппаратына қосып, аман алып қалдық. Әзірге денесінің нақты үсік шалған жерлерін анықтай алмай отырмыз. Сондықтан, ампутация мәселесі де белгісіз", - дейді жансақтау бөлімінің дәрігерлері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары