$ 498.34  519.72  4.85

Шымкенттегі түнгі клубта жас жігітті өлтірді деген күдіктілер ұсталды

Қайғылы оқиға биыл 16 қазанда орын алған болатын. Таңғы сағат 4-тер шамасында облыстық клиникалық ауруханасына желке тұсынан жараланған жас жігіттің мәйіті жеткізілген. Іске полиция араласып, марқұмның 1993 жылы туған жергілікті тұрғын екені анықталды. Он қаладағы түнгі клубтардың бірінде болған төбелес кезінде атып өлтірген.

Криминалды полиция қызметкерлері күдіктілердің кім екенін анықтағанымен, олардың ізін суытпай ұстау мүмкін болмапты. Тек арада бір айдай уақыт өткеннен кейін ғана іздеуде жүрген үш адамның екеуі қолға түсті.

«2016 жылдың 16 қарашасы күні жедел-іздестіру іс-шаралары барысында түнгі клубтағы орын алған адам өліміне күдікті ретінде полицейлер 1991 және 1996 жылдары туылған азаматтарды Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде құрықтады. Ал, 1993 жылы туылған тағы бір күдіктіні қолға түсіру шаралары жүргізілуде», - делінген ОҚО ІІД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазір аталған жайт Еңбекші ПБ-нің сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп, ҚР ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру» және 287-бабы «Қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын заңсыз өткізу, сақтау, тасмалдау немесе қолдану» қылмыстық іс қозғалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары