$ 498.34  519.72  4.85

Ақтөбеде теракт жасағандар өз әрекеттеріне өкінетіндерін айтты

5 маусым күні Ақтөбеде лаңкестік жасаған салафизм ағымын ұстанушы содырлар өз әрекеттеріне өкінетіндерін айтып, судьядан жазаны барынша жұмсартуын сұрап отыр. Бұл туралы "Интерфакс-Казахстан" ақпараттық агенттігі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

"Лаңкестік әрекет және өзге де қылмыстар жасады деп айыпталып жатқан сотталушылар сотта өз істері үшін өкінетіндерін айтып, судьядан жазаны барынша жеңілдетуін сұрады", - делінген аталған хабарламада.

Естеріңізге салайық, бұған дейін прокурорлар лаңкестік әрекетті жасаған содырлардың бәріне ең қатаң жаза - өмірінің соңына дейін қамау жазасын сұраған болатын. Ал, сотталып жатқан сегіз күдіктінің қорғаушылары болса судьядан бұл жазаны барынша жұмсартуын сұрап отыр.

Күдікті Жұбановтың қорғаушысы оған тағылып отырған бірнеше айыптармен келіспейтінін айтқан. Ал, қылмысты жасырды деп айыпталып жатқан 5 күдіктінің адвокаттары оларды мүлдем ақтап, сот залынан босатуын сұрапты.

Сот лаңкестікке қатысы бар деп айыпталып жатқан "діндарларға" үкімді 21 қараша күні шығарады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары