$ 498.34  519.72  4.85

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев халықты уақытында жылумен қамтамасыз етуді тапсырды

Үкімет отырысында Премьер-Министр Б.Сағынтаев аймақ әкімдеріне халықты жылумен қамтамасыз ету барысын өз бақылауларына алуды, қатаң бақылауды тапсырды.

Премьер-Министр жылу маусымына дайындық мәселесі бұған дейін Үкімет отырыстарында бірнеше мәрте көтерілгенін, аймақ әкімдері қысқа толық дайын екендіктері туралы баяндағанын атап өтті. Алайда, ағымдағы жылдың қараша айында аяз шектен тыс күшейіп кетті. Соның салдарынан бірқатар аймақтарда жылыту пештері істер шығып, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға жылу жетпей қалды. 

Өз сөздерінде Павлолар, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының әкімдері және Алматы қаласының әкімі халықты жылумен қамту, апаттық жағдайларды жою шаралары туралы баяндады. 

Б.Сағынтаев биылғы жылы қыстың аязды және қарлы болуына байланысты, көмір қорын қадағалап, бірінші кезекте тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жылумен қамтамасыз ету мәселесін атап айтты. 

«Құрметті әріптестер, құрметті әкімдер, өздеріңіз айтып отырғандай, қыс енді басталды және жай басталған жоқ. Сол себепті, жылыту маусымын өз бақылауларыңызға алуды, қатал бақылауға алуды тапсырамын. Асқар Ұзақбайұлы (ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары), үйлестіру сізге тапсырылады»,-деді Б.Сағынтаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары