$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбедегі арнайы операция кезінде «беделді» салафиттер қолға түсті

Ақтөбеде ірі көлемде мұнай ұрлаумен айналысып келген салафиттер ұсталды деп хабарлайды Informburo.kz. ҰҚК-нің баспасөз қызметі "Ақтөбе мұнай өңдеу" ЖШС аумағында жүргізілген арнайы операция жайында барысы туралы айтып берді.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросымен және Ішкі істер министрлігімен бірігіп, Ақтөбе облысында және еліміздің өзге де өңірлерінде мұнай мен мұнай өнімдерін ұрлауды кәсіп еткен қылмыстық топтардың жолын кесу операцияларын бастағанын айтып отыр.

"Шұғыл іздестіру операциясын жүргізу барысында мұнай ұрлауға қатысы бар тұлғалар анықталып ұсталды. Олардан ішінде мқнай мен мұнай өнімдері бар автоцистерналар тәркіленіп алынды", - делінген ҰҚК таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, іс-шара барысында мұнай ұрлаушыларға қолдау көрсетіп келген радикалды салафизм өкілдері да қолға түскен.

Қазіргі таңда ұсталған күдіктілердің үйлерінде тінту жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ, ұрланған мұнайды заңдастырған кәсіпорындарда да тексеру жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары