$ 494.87  520.65  4.91

Астанада төртемдер дүниеге келді

Астанада төртемдер дүниеге келді деп жазады Tengrinews.kz. Отбасындағы үлкен қуанышымен балалардың әкесі Асхат Спанов бөліскен.

Екі ұл мен екі қыз 2 желтоқсан күні кешке дүние есігін ашқан екен. Ата-аналары оларға Арсен, Әлихан, Диара және Аделя деп ат қойыпты. Бұл Асхат пен Салтанат Спановтардың отбасындағы тұңғыш сәбилері.

"Біз баланы ұзақ жылдар бойы күттік. Қазір енді біреу емес, бірден төртеуін беріп отыр. Анасы мен балалар қазір перинаталды орталықта жатыр. Барлығының да денсаулықтары жақсы. Дегенмен, әлденіп алғанша ауруханада дәрігерлердің қарауында болғаны дұрыс. Қазір қажетті дәрумендерді алып жатыр сонда жатып. Күтімдері өте жақсы", - дейді бірден төрт баланың әкесі атанған Асхат Спанов.

38 жастағы ер азамат балаларын тек екі рет қана көргенін айтып отыр.

Асхат Спанов Қарағандының тумасы. Астанада шекара қызметінде жұмыс істейді. Оның әйелі Салтанат жекеменшік компаниялардың бірінде қызметте. Ерлі-зайыптылар Астанаға 5 жыл бұрын көшіп келген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары