$ 446.49  475.38  4.79

Шымкентте болашақ шекарашылар бақ сынады

Болашақ ел сарбаздарын жастайынан жауынгерлікке баулу, олардың бойына отаншылдық ерлік рухты қалыптастыру қазақстандықтардың ортақ парызы, тікелей міндеті болып табылады. Осыған орай, Шымкентте №24 мектеп-лицейінің қабырғасында «Мен өз Отанымның батыл қорғаушысымын» тақырыбында және осы күнге тұспа-тұс келген Шекарашылар күніне және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған оқушылар арасында әскери-патриоттық сайыс ұйымдастырылды.

Шымкент қалалық мектеп-лицейлерінің арасында 9-қарашадан басталған бұл әскери сайыс өз мәресіне жетті. Спорттық додада 150-ге жуық мектеп оқушылары қатысып, өзара бақ сынады.

Мұсафар ҚОЖЕГЕЛДИЕВ, сайыс төрешісі:

- Бүгінгі қойған талап, Елбасымыз айтқандай Тәуелсіздік алу оңай, ал Тәуелсіздікті сақтап қалу қинның қиыны. Ол үшін әрбір азаматтың бойында отанға деген сүйіспеншілігі, патриоттық сезім, махаббаты болуы керек. Жас ұрпақ отқа түссе, жанбайтын, суға түссе батпайтын қасиетімен ержетсе, біздің алға қойған мақсатымыз, Мәңгілік ел идеасын орындап жатырмыз деп сенем.

Шараның мақсаты да сол – өскелең ұрпақты отанды қорғауға дайындау, отансүйгіштік қасиеттерін арттырып, шыңдау. Сонымен бірге, алғашқы әскери дайындықтарын пысықтаумен қатар, қару-жарақты қолдану әдістерін үйреніп, түрлі техникаларды таныстыру. Бұл сайысқа жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып, өз орталарында оза шапқандары ғана келген. Солардың бірі Әсем Қалқаман. Зеректігімен көзге түскен, барынша шапшаң болуға тырысты. Келешекте батыл, ержүрек ел қорғаушысы атанбақ.

Әсем ҚАЛҚАМАН, сайысқа қатысушы:

-Сынақтар оңай емес. Барынша бірінші болуға тырысам. Дегенмен, сайыстың аты сайыс. Жеңілсем де, жеңсем де қуаныштымын. Себебі, біз үшін қымбат бостандық. Елбасы айтқандай, келешек біздің қолымызда.

Байқау барысында жастар саппен жүру, автоматты белгілі бір уақыт шеңберінде ашып-жинау, пневматикалық винтовкамен оқ ату, алғашқы көмек көрсету, кермеге тартылу, арқан тарту және тасын көтеру сияқты жарыстар өткізілді. Жеңімпаз атанған жас жауынгерлерге құрмет грамоталары мен кубоктар,бағалы сыйлықтар табысталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары