$ 445.66  474.58  4.78

Шымкенттегі көпқабатты тұрғын үй аулалары толыққанды жарықтандырылады

Шымкенттің аулалары жарықтандырумен 100 пайыз қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігі аппаратының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Шымкент қаласында кең ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің 1020 ауласының 829 ауласында жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осы жұмыстармен қатар көпқабатты ғимараттар аумағында жарықтандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Осы жылы қала аумағындағы 334 үйдің ауласына жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Атап айтар болсақ, өткен жылы 75 үй, сондай-ақ осы жылы 686 көпқабатты тұрғын үйдің ауласына электр бағаналарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін аулаларды 100 пайыз жарықпен қамту жоспарланып отыр. Осыған орай бүгін өңір басшысы Жансейіт Tүймебаев пен қала әкімі Ғабидолла Әбдіраxымов Шымкент қаласындағы тұрғын үйлер аумағында қайта жөндеуден өткен ауланың ашылу салтанатына қатысты.

Биыл қалада аулаларды абаттандыру жұмыстарына көптеп көңіл бөлінуде. Осыған орай аудан әкімдіктері тарапынан 80-нен астам ойын алаңдарын іске қосу жоспарланып, шамамен 1,1 млрд теңге қаржы қаралған. Айта кетерлігі, соңғы рет аулаларды қайта құру бойынша 2014 жылы қаржы қаралса, биыл бұл жұмыстар қала әкімінің тапсырмасымен қайта қолға алынып отыр. Осы жұмыстармен қатар көпқабатты ғимараттар аумағында жарықтандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Осы жылы қала аумағындағы 334 үйдің ауласына жарықтандыру жұмыстары жүргізілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары