$ 498.34  519.72  4.85

Көкшетауда бүгіннен бастап жолақы қымбаттады

Көкшетау қаласында қоғамдық көліктің жолақысы бүгін 2014 жылдың 1-тамызынан бастап, 45-тен 60 теңгеге көтерілді, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Бұл туралы өңірдегі Көкшетау қалалық жолаушылар тасымалы ассоциясының төрағасы Рүстем Қалишев мәлімет етті.

Оның айтуынша, жолақысының көтерілуі ҚР Көлік және коммуникация министрлігімен келісіліп, бекітілген.

— 2014 жылдың 1 тамызынан бастап, қоғамдық көліктегі жол ақысы ересектер үшін 60 теңге, балаларға 30 теңге болды. Сондай-ақ, қоғамдық көлікте айлық жүру ақысын да 4500 теңгеден 5000 мыңға көбейттік. Ал, 7-15 жасар балалардың айлық жол ақысын сол қалпында, яғни, 1000 теңге көлемінде қалдырдық, — дейді  Рүстем Қалишев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары